«Өз сөзіме жауап беремін»: Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанова туралы тағы да айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 115
news

Фото: ашық дереккөз

Әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың фильміне қатысты тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тұрсынбек оның күйеуіне жұмыс берген»: Мөлдір Мұқанова Бақыт Тұрманға жауап берді

Ол «KEZDESU» бағдарламасында өзін сынағандарға жауап беріп, ешкімге әдейі тиісуді мақсат етпегенін айтты.

Бірдеңе бүлдіріп қойған жоқпын ғой. Ұятсыз, жұрт қарғайтындай жағдай емес. Тек кино туралы жеке пікірімді айттым. Сын айтылғаннан кейін, ертесі күні Мөлдір ханым өзі дайрекке жазды. Толықтай өз қателіктерін мойындап, түсіністік білдірді, — деді Бақыт Тұрман.

Әнші әрбір сөзіне өзі жауап бере алатынын, ешкімнің «қорғауына» мұқтаж емес екенін де қадап айтты:

Мен айтқан сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мен үшін ақталып, жауап бермей-ақ қойсын, — деді ол.

Әлеуметтік желіде бұл жағдай қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі Бақыттың ашықтығын қолдаса, екіншілері оның сынын артық көрген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *