Қарағандыда пәтерден екі адамның мәйіті табылды

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: depositphotos.com

Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен 15 және 18 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл фактіні облыстық Полиция департаменті растады. Дереккөзге сүйенсек, марқұмдардың денесінен ұрып-соғудың белгілері табылмаған.

15 және 18 жастағы екі адамның мәйіті табылған соң, қылмыстық іс қозғалды. Олардың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Полиция қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін кешенді шараларды бастады, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

ПД баспасөз қызметі қылмыстық істің барысын облыстық полиция департаментінің басшысы жеке бақылауына алды деп хабарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында жер үйден екі адамның мәйіті табылған болатын. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *