Атырау облысында жер үйден екі адамның мәйіті табылды

Жаңалықтар
view 186
news

Фото: istockphoto.com

Атырау облысының Индер ауданына қарасты Есбол ауылында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Үйдің иесі – 1976 жылы туған ер адам, үйінде жалғыз тұрып келген. Сол күні оның үйінде қонақ болған. Екеуі де сол жерде жан тапсырған.

Индер ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, газбен улану нұсқасы жоққа шығарылды. Ер адамдар қатты қызған пештің қасына тым жақын ұйықтап қалған болуы мүмкін. Бұл ағзаның шамадан тыс қызуына әкеліп, қайғылы салдарға соқтырды деп болжанып отыр.

Марқұмдардың қазасының нақты себебін сараптама анықтайды, полиция тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *