Енді мектептер мен балабақшалар тексеріледі
Фото: gov.kz
Енді Қазақстандағы балабақшалар мен мектептерге тосыннан тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Бұл тәртіп уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балалардың тамақтануын, жатын орнын қамтамасыз ету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды қызметі басталар алдында және оны көрсету барысында тосыннан тексеруге құқық береді.
Бұл мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Енді уәкілетті орган нақты заңбұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеріс тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі, - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Пікірлер (0)