Ақмола облысында интернет-алаяқтық 50%-ға өсті

Жаңалықтар
view 48
news

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Ақмола облысында қылмыстық ахуалдың бірқатар бағытында өзгерістер байқалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ақыл Қарпықбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, 7 айда құқық қорғау органдарына 70 038 өтініш пен хабарлама түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға көп. Бірыңғай тергеу тізіліміне 4 мыңға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп, бұл көрсеткіш шамамен 5 пайызға төмендеді.

«Дегенмен, бірқатар өңірлерде қылмыс деңгейінің өсуі байқалады: Көкшетау қаласында – 7,6%, Аршалы ауданында – 23,5%, Атбасар ауданында – 22,4%, Жақсы ауданында – 40,7%», деді ол. 

Интернет-алаяқтық деректері бір жылда 51,7%-ға өсіп, 1 026 жағдайға жеткен. Ең көп тараған тәсілдер: онлайн-қарыз рәсімдеу, банк атынан жалған SMS және қоңыраулар, криптовалютаға байланысты алаяқтықтар. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап банк карталары мен төлем құралдарын үшінші тұлғаларға заңсыз беру («дропперлік») үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Сондай-ақ есірткі қылмыстары 32,9%-ға, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 63%-ға артқан. Ал адам өлтіру қылмыстары 20%-ға, ұрлықтар 28,8%-ға азайған.

Ақыл Қарпықбаев QAMQOR.GOV.KZ ресми порталында нақты уақыт режимінде өтініш беруге, айыппұлдарды тексеруге және Қылмыс картасымен танысуға болатынын еске салды. Ол облыс тұрғындарын жеке деректерін және банк карталарының реквизиттерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *