Ақмола облысында мал дәрігерлерінің еңбекақысы көтеріледі

Жаңалықтар
view 246
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақмола облысында ауылдық елді мекендерде ветеринар мамандар тапшы. Ветеринария саласында кадр тапшылығын азайту үшін жаңа мамандарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Жағдайды жақсарту үшін жалақыны көтеру және неғұрлым қолайлы жұмыс жағдайларын жасау қарастырылған. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыстың ветеринарлық қызметтері 82% мамандармен жасақталған. Кейбір аудандарда жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді, бұл мәселені шешу үшін шаралар қабылдануда. Мысалы, Степногорск қаласында 59%, Егіндікөлде – 63%, ал Жақсы ауданында – 65%.

«Биыл ветеринарлардың жалақысы 30% - ға өсті, бұл тек бастамасы ғана. 2025 жылы 300-350 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін қызықтырады деп сенеміз», - деді облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Талғат Жүнісов.

Бұдан басқа, ветеринариялық қызметтерге арналған жабдықтар мен үй-жайлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу жоспарда бар. Жаңа бастамалар аясында 104 модульдік пункт сатып алу көзделген, бұл мамандардың жұмыс жағдайын едәуір жақсартады. Бүгінгі таңда облыстың 19 ветеринариялық станциясының 11-де жеке үй-жайы, ал 216 ветеринариялық пункттің 3-де өз ғимараты бар.

Сондай-ақ, брифингте айтылғандай, ветеринариялық қызметті жаңғырту шеңберінде ветеринариялық станцияларды жаңа автомобильдермен, планшеттермен және жылжымалы инсинераторлармен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және жергілікті жерлерде ветеринарлық қызметтердің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *