Ақмола облысында 7 млн жуық үй жануарына вакцина салынды
Сурет: Ашық дереккөзден
Биылғы жылы өңірде үй жануарларының денсаулығын қорғау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. Вакцинация және бруцеллез, туберкулез және басқа да қауіпті ауруларды барысында 7 млн жуық үй жануары қамтылды. Бұл туралы Ақмола облысының ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды janabastau.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысының аумағында үй жануарларын қауіпті ауруларға вакцинациялау және зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. 2024 жылы эпизоотиялық іс-шараларды орындауға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді, бұл 6,7 млн жануарды вакцинациялауға, бруцеллезге және басқа да ауруларға зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді.
«Қазірдің өзінде 480 мың ірі қара мал қанының сынамасына зерттеулер жүргізілді, соның қорытындысы бойынша бруцеллездің 676 жағдайы (0,14%) анықталды. Вакцинация 649 мыңнан астам ұсақ малды, сондай-ақ 3 350 шошқаны, 130 түйені, 298 жылқыны және 656 итті қамтыды. Туберкулезге жүргізілген зерттеулер 362,6 мың ірі қара малды қамтыды, бұл жоспардың 102% құрайды», - деді Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы.
Осы ретте, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл облысқа Австриядан 188 бас симменталь тұқымды және Дания мен Латвиядан 609 бас голштейн тұқымды ірі қара сатып алынды.
Қауіпті аурулар анықталған жануарлардың иелері үшін өтемақы төлемдері қарастырылған. Осы жылы ауру жануарлардан болған шығындарды өтеу үшін қаражат бөлінді және бұл соманың 98,4 пайызы төленді.
Сонымен қатар, биылғы жылы қаңғыбас үй жануарларымен күресу үшін айтарлықтай қаражат бөлінді.
Пікірлер (0)