Діни экстремизм, терроризм: Ақмола облысында алдын алу бойынша арнайы іс-шара өтті
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 14-18 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Ақмола облысына іс-сапарға барды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Омаров Тұрған Гельманұлы – Қостанай облысы «Ақниет» ҚҚ теолог маманы, Смадьяров Бахтияр Серікұлы – Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушы, Мейірбеков Данияр Еркінұлы - Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, Магистр, Канаев Даурен Шегениязович – Қарағанды облысы «Нұрлы Білім» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚБ төрағасы.
Түсіндіру тобының мүшелері Ақмола облысы аумағында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, ЖОО және колледждер базасында болды. Олар жастар арасында «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Деструктивті жалған діни ағымдардың жастарға кері әсері», «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау», «Жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» және «Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет» т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында белсенді жастар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, ЖОО мен колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.
Пікірлер (0)