Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Ақтөбе облысына іс-сапарға барды
Жаңалықтар
186
Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 14-18 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Ақтөбе облысына іс-сапарға барды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Алдашбаев Сакен Мінуарұлы – Қызылорда облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» журналист маманы, Смадьяров Бахтияр Серікұлы – Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушы, Жидебаев Сұлтан Сабырбекұлы – «Ихсан» орталығы ҚБ директоры, дінтанушы, Қалманов Мейірбек Камалбекұлы – Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» теологы.
Түсіндіру тобының мүшелері Ақтөбе облысы аумағында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, ЖОО және колледж студенттері, әскери техникалық мектебі мен белсенді жастар базасында болды. Олар жастар арасында «Дәстүрлі діндердің рухани құндылықтары», «Интернет желісіндегі күмәнді парақшалардың қаупін түсіндіру», «Жастар арасындағы рухани құндылықтар және діни сауаттылық» және «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері» т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында белсенді жастар, жас мұғалімдер, әскери курсанттар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, ЖОО мен колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.
Пікірлер (0)