«Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев»: Тоқтар Серіков кімдермен құда болғысы келмейтінін айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Тоқтар Серіков өнердегі әріптес, достарымен құда болғысы келмейтінін айтты, - деп хабарлайды janabastau.kz.
Өнер иесі «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында Мейрамбек Бесбаевпен достығы туралы айта келіп, екеуінің қарым-қатынасына сызат түсіргісі келмейтінін жеткізді.
«Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Онымен егіз болып өскенмін. Ал дәл ертең балалар жарасып, оның қызы мен менің ұлым құда боламыз, құда қыламыз деп жатса, мен үлкен күйзеліске түсіп қалуым мүмкін. Себебі мен Мейрамбегімді ешқашан жамандыққа қимаймын. Ол менің жан дүниемнің жартысы, оны ештеңеге қимаймын. Ол менімен туыс болып кету керек сияқты", - дейді ол.
Тоқтар Серіков Сәкен Майғазиев те бала кезден келе жатқан досы екенін атап өтті.
"Сәкен Майғазиевпен балалық шақтан бірге келе жатырмыз. Ертең біздің балаларымыздың арасында сондай бір от, сезім пайда болса, қуаныштымыз. Бірақ дей тұрғанмен, мүмкін емес дүниелерге қимаймын. Мен үшін ол ет жақыным, ағайыным болып кеткен. Олар үшін отқа түсіп, суға батуға бармын. Оларды жауға да, дауға да бермеймін. Құда болсақ, өкпешіл қазақпыз ғой, болмайтын дүниеге өкпелеп қалсақ, дүниедегі ең қиын сезім. Достарыммен дос болып қалғым келеді. Бірақ ертең Жанболатпен, Сәкен мен Мейрамбекпен құда етіп жатса, ештеңеге қарсы тұра алмаймыз", - дейді әнші.
Пікірлер (0)