Ақмола облысында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақмола облысында 2025 жылғы жазғы мектеп каникулы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен білім басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеп.
Биылғы жазда облыс бойынша барлығы 134 мың оқушы (1-10 сыныптар) түрлі жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Демалыспен қамту деңгейі 93%-ды, жұмыспен қамту 100%-ды құрайды.
«Жазғы науқанға дайындық ақпан айынан басталды. Облыс әкімдігі жанынан арнайы өңірлік штаб құрылып, ведомствоаралық топтар белсенді жұмыс жүргізуде. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде», – деді Ботакөз Дүйсенова.
Облыста 16 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейді, оның 9-ы – мемлекеттік, 7-і – жекеменшік. Алдын ала дерек бойынша, бұл лагерьлерде 15 500 бала демалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 000 балаға артық. Сонымен қатар, 208 мектеп жанындағы лагерь, 350 бейіндік алаң және палаткалық лагерьлер жұмыс істейді.
Әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін «Всеобуч» қорынан 121,5 млн теңге, кәсіподақ ұйымдары тарапынан 10,8 млн теңге, ата-аналар қаражаты есебінен 93,1 млн теңге бөлінді. Жақын және алыс шетелге демалысқа шығатын 1 265 балаға шамамен 380 млн теңге жұмсалмақ.
Жазғы демалыс барысында 19 940 ерекше санаттағы бала қамтылмақ. Оның ішінде:250 бала – ювеналды есепте тұрған және қолайсыз отбасылардан шыққан балалар;1 520 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Сондай-ақ, 268 оқушы республикалық «Балдәурен» орталығына жолданады. «Қазақстан халқына» қоры есебінен тағы 350 бала тегін демалады.
14-16 жастағы 24 420 оқушы еңбекке тартылады. Көкшетауда «Жасыл ел» жобасы аясында 288 оқушы жұмыс істейді. Сонымен қатар 58 600 бала – шығармашылықпен, 26 450 – туристік шаралармен, 35 150 – спорттық және зияткерлік іс-шаралармен қамтылады.
Брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі Бақыт Абланов судағы қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, жазғы кезеңде облыс бойынша 28 жүзу бассейні жұмыс істейді, биылдың өзінде 432 балаға жүзу дағдылары үйретілген.
«Жазғы маусымда 99 құтқарушы, 20 бірлік техника, 32 жүзу құралы кезекшілік етеді. Арнайы оқытылған вожатылар балаларды судағы қауіпсіздік ережелеріне баулиды. Балалар мен ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді майор Бақыт Абланов.
Жыл басынан бері өңірде 30 мыңнан астам оқушыны қамтыған 600 интерактивті сабақ өткізілді. Дегенмен, өкінішке қарай, су айдындарында бір баланың қайтыс болу дерегі тіркелді. Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Пікірлер (1)
Hello, we have checked your website and it looks like your SEO needs significant improvement, and it's also not ready for AI-based ranking. We can get you into the TOP3 search results for a very affordable price. You can WhatsApp us: +48 794 972 985