Ақмола облысында полициядан қашқан жүргізушінің әрекетінен 3 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 129
news

Фотосурет: Ақмола облысының Полиция департаменті

Ақмола облысы, Степногорск қаласында полицейлерден қашпақ болған жүргізушінің кесірінен 3 адам қаза тапты, - деп хабарлады janabastau.kz.

жол апаты 23 наурыз күні орын алған. Анықталғандай 3 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші көлікті алкогольге мас күйде тізгіндеген.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жылдамдықты асырып жүріп келе жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігін байқады. Жүргізуші тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, одан әрі қозғалысын жалғастыра берген. Салдарынан қарама-қарсы келе жатқан «Audi 80» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

"Қазақстан Республикасы "Құқық қорғау қызметі туралы" заңының 59 бабы мен 61 бабына сәйкес, көлік құралын мәжбүрлеп тоқтату үшін қызметтік қару қолданылған. Құқық бұзушы қозғалысын жалғастыра отырып, Заводской-Промышленный тас жолына шығып, көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы болған Audi В4 автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үшеуі де оқиға орнында көз жұмды", — деді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *