Ақмола облысында су тасқынына бөлінген қаржыны ұрлағандарға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Жаңалықтар
view 21
news

Фото: BAQ.KZ

Ақмола облысында су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені жымқырған шенеуніктер мен кәсіпкерлердің үкімі күшінде қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасы Атбасар ауданындағы су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған үш сотталушыға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылы Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат Атбасар ауданында су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын 200 отбасыны көшіру үшін екі 100 пәтерлі тұрғын үй салуға арналған.

Сот үкіміне сәйкес:

А. Серікбаев («Фундаменталь» ЖШС директоры) ұрлықты ұйымдастырғаны үшін 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды;

Р. Орлов («Престиж Строй 7» ЖШС директоры) 7 жыл 6 айға сотталды, мүлкі тәркіленіп, материалдық жауапты қызметтер атқару құқығынан айырылды;

С. Қаранағаев (Атбасар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы) 7 жыл 6 айға сотталып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұл істі Ақмола облысының арнайы прокурорлары тергеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *