Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жаңа жобалар қолға алынған

Жаңалықтар
view 126
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында бірқатар бастамалар іске асырылуда. Қаржыландыру бағдарламасы аясында «Жасыл Даму» АҚ арқылы қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға екі өтінім қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды janabastau.kz  Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында экологиялық жағдайды жақсарту және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Екі кәсіпорын заманауи технологияларды енгізу үшін қолдау алды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.  

Бірінші кәсіпорын «ECO DUMP» ЖШС Көкшетау қаласында қуаты жылына 55 мың тонна, сондай-ақ Бурабай және Зеренді аудандарында жылына 35 мың тонна органикалық қалдықтарды компосттаудың заманауи кешенін салуды жоспарлап отыр.«Бұл жоба аясында қуаты жылына 70 және 40 мың тонна болатын қалдықтарды сұрыптаудың екі желісін, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу кешенін сатып алу көзделген. Сонымен бірге, «ECO DUMP» ЖШС Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында қалдықтарды бөлек жинау бойынша пилоттық жобаға белсенді қатысады, ол үшін қосымша қаражат қажет қажет. Жоспар бойынша 12 қоқыс таситын көлік (оның 10-ы электрлік болады), сондай-ақ екі самосвал мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 500 контейнер сатып алу қарастырылған», - деп толықтырды  Джанет Микишев.Екінші кәсіпорын, Степногорск қаласынан «Шебер Спецмаш» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді шығару үшін техника алды, бұл қоқысты жинау және шығару бойынша қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.  

Бұл жобалар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың қалдықтарды бөлек жинауына ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *