АҚШ-та 18 штаттан құралған коалиция Дональд Трампты сотқа берді

Жаңалықтар
view 123
news

Сурет: Ашық дереккөзден

The Washington Post басылымының мәліметінше, АҚШ-тың 18 демократиялық штатынан құралған коалиция президент Дональд Трампқа қарсы сотқа жүгінді, - деп хабарлайды JANABASTAU.KZ kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Трамп АҚШ-та заңсыз мигранттардың балаларын азаматтық алу құқығынан айыру туралы жарлыққа қол қойған. Демократтардың президентті сотқа беруінің басты себебі осы болып отыр.

«Арыз берген штаттар тізімінде Аризона мен Вашингтон штаттары да бар. Алайда олар өз штаттарында жеке сот ісін бастаған. Нью-Йорктің бас прокуроры Летиция Джеймс Трамптың жарлығын конституцияға сай емес, әрі заң тұрғысынан қауіпті деп таныды», – деп жазады басылым.

20 қаңтарда Трамп федералды билік АҚШ-та туылған заңсыз мигранттардың балаларын туу құқығы бойынша автоматты азаматтық алу мүмкіндігінен айыратыны туралы жарлық шығарды. Америкалық азаматтық бостандарды қорғау одағы (ACLU) және басқа ұйымдар бұл құжатқа елдің конституциясындағы 14-ші түзетуге қайшы келетінін айтып, шағымдануға ниет білдірді.

Айта кетейік, 20 қаңтар күні Ақ үйге оралған Дональд Трамп бір сәтте 100 астам жарлыққа қол қойған. Олардың қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу, 2021 жылы Капитолийге басып кірген жақтастарын босату туралы жарлықтар бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *