Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
36
Фото: ТЖМ/lada.kz
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 28 қазанда сағат 9:03-те 32В шағынауданында "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкер, 4 техника жіберілген.
Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс салдарынан үш ересек адам және екі бала зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Пікірлер (0)