Астанада қызметкеріне жалақы төлей алмаған басшысы оған қымбат көлігін беруге мәжбүр болған
Фото: versiya.info
Астана қаласының прокуратурасы жалақы төлеу мәселесін ерекше бақылап, тығырыққа тап болған қызметкерлердің құқығын қорғаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Дереккөзге сәйкес, Астанада жалақысын ала алмай жүрген мыңнан астам адам тіркелген екен. Оларға жұмыс берушілері 1,1 млрд теңге қарыз болған. Солардың арасында жалақысының орнына көлік алғандар бар.
Мысалы, прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот орындаушы берешекті өтеу есебінен серіктестікке тиесілі 9 млн теңге тұратын көлік құралын жеке тұлғаға берді, - делінген прокуратура ақпаратында.
Тағы бір компания 60 қызметкеріне жалақы төлемей жүрген. Іске прокуратура араласқан соң компания 16 млн теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегін мәжбүрлі түрде өтеген.
Пікірлер (0)