Ақтауда күйеуі әйелін өлтіріп, пәтерді өртеп жібермек болды
lada.kz
Ақтау қаласының 14-шағын ауданда бүгін түнде 16 сәуірде жантүршігерлік қылмыс орын алды, деп хабарлайды madeniportal.kz, lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Түнде 9 қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртенген пәтерден әйел адамның мәйітін тауып алған. Полиция оқиға туралы түсініктеме берді.
Көршілердің айтуынша, қайтыс болған адамның аты Парахат болған. 1972 жылы туған әйел 14-шағын аудандағы тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Оның бірге тұратын адамы қылмыс жасады деген күдікпен қолға түскен.
"Біз бәріміз таңғы сағат бесте сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келген болатын. Құтқарушыларды көршісі шақырды. Менің білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабатта ұстады", - дейді марқұмның көршілерінің бірі.
Үй тұрғындарының айтуынша, қаскөй әйелді пышақтап өлтіріп, кейін ізін жасыру үшін пәтерді өртеуге тырысқан.
"Өрт сөндірушілер тез келіп, өртті сөндірді. Мен полицейдің қолындағы суреттерді кездейсоқ көріп қалдым: әйел дәлізде тыр жалаңыш, еденде етпетінен жатыр екен. Қорқынышты. Өте қорқынышты", - деп көршілердің бірі өткен түннің әсерімен бөлісті.
Полиция департаменті жағдайға егжей-тегжейлі түсініктеме берді.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)