Ақтаудағы апат: белгілі дәрігердің қазасы расталды
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтарының есімін жариялады. Қаза тапқандар арасында стоматолог дәрігер Сәлима Жутаева да бар, деп хабарлайды janabastau.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
25 желтоқсанда Embraer ERJ-190 ұшағында болған алты Қазақстан азаматының есімдері ресми түрде жарияланды. Олардың арасында Маңғыстау облысының үш тұрғыны, астаналық әйел мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жутаева бар.
Сәлима 29 жаста болған. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеген. Сәлима Жутаева трагедиядан үш күн бұрын Instagram-парақшасында әзербайжан тілінде "Сен жаңбырдағы күн сияқтысың" деп жазба жариялаған.
Сәлима Жутаеваның парақшасында оның стоматолог екендігі және саяхаттауды ұнататыны жазылған. Сондай-ақ, оның өміріне байланысты Қостанай мен Грозный қалалары аталады. Қыздың парақшасында кәсіби қызметін көрсететін көптеген суреттер бар.
Жазылушылар қайтыс болған қыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр.
Пікірлер (0)