Ақтаудағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Жаңалықтар
view 36
news

Фото: ТЖМ/lada.kz

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы толығырақ ақпарат берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

28 қазанда сағат 9:03-те Маңғыстау облысы ТЖД-ға "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөле бөлмесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына 11 құтқарушы және 4 техника шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам зардап шеккен: үшеуі ересек және екеуі 10 және 15 жастағы балалар. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жарылыс туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел жәрдем және Төтенше медицина орталығының мамандары барған.

Бес адам зардап шеккен. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жатқызылды, үшеуі тексеруден кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *