Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыны өлтіргендердің үшеуі қамалмады
Фотосурет: Tengrinews.kz
Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Сотталушылар – мектептің жоғары сынып оқушылары. Айыпталған алтаудың үшеуі жазасын түрмеде өтейтін болды.
Еске сала кетсек, оқиға осыдан тура 1 жыл 1 ай бұрын Темір ауданына қарасты Қопа ауылында болған. Жаңа оқу жылы басталған күннің ертесіне Нұржан Сыдықовты жоғары сыныптың оқушылары ұрып, аяусыз тепкілеген. Тіпті олар есін жимаған жасөспірімді далаға тастап кеткен.
Жалпы, 6 оқушы «Абайсызда адам өлтіргені үшін», «Бұзақылық» және «Қылмысты ұйымдастыру» баптары бойынша айыпталған еді. Оның үшеуі сот залынан бір жылдық шартты жазамен босатылып, судья қалған үшеуіне 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Пікірлер (0)