Қорғаныс министрлігі тәртіпсіз басшыға қызметтік тексеріс жүргізбек (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 80
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысында түсірілген даулы онлайн-кеңес видеосына қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бір топ әскери қызметкердің қатысуымен өткен онлайн-жиналыс көрініс тапқан. Кадрлардан жергілікті әскери басқарма басшысы бағыныштысына қатқыл сөйлеп, этика нормаларын бұзғаны байқалады.

Министрліктің ресми мәліметінше, видео биыл 9 маусымда Қызылорда облысындағы жергілікті әскери басқару органдарының қатысуымен өткен ішкі кеңесте түсірілген.

Кеңес барысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін бағыныштыларына ескерту жасаған. Алайда ол этикалық нормаларды сақтамаған. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Нәтижесінде тиісті құқықтық баға беріледі,  делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, бұған ұқсас жағдай «Қазақстан темір жолы» компаниясында да болған еді. Онда басшының қызметкерлеріне бейәдеп сөздер айтып, дөрекі сөйлеген видеосы тараған. Оқиға қоғамда кең талқыланып, кейбірі басшыны сынға алса, енді бір бөлігі оны қолдаған болатын. Кейінірек видео кейіпкері – «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС-нің бұрынғы бас директорының орынбасары Асан Өмбетов бұл жағдайдан үлкен сабақ алғанын айтқан еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *