«Нұрлы жер»: ақмолалық мердігер 152 млн теңге жымқырған

Жаңалықтар
view 73
news

Фотосурет: kazlenta.kz

Ақмола облысында әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, 2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден аса соманың келісімшарты жасалған. Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өскен жалған қабылдау актілерін берген.

Заңсыз әрекеттер салдарынан 152 млн теңге көлемінде залал келді. Сот санкциясымен күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деді ҚМА өкілі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *