Бектенов залдан шығып кетті: Үкімет отырысында қоңырау соққан кім? (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы кезінде телефон қоңырауына жауап беру үшін залдан шығып кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысы бүгін сағат 10:00-де басталған болатын. Алдымен Олжас Бектенов жаңа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы таныстырды.
Осы орайда премьер-министрдің үкіметтік байланыс телефоны шырылдады. Бектенов қоңырауға жауап беріп, залдан шығып кетті. Бірақ отырыс жалғаса берді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр уақытша төрағалық етті және баяндама жасайтын Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы мінберге шақырды.
Олжас Бектенов отырыстың басталғанына шамамен 12 минут өткенде қайта оралды.
Айта кетсек, мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Әдетте премьер-министр отырысты басынан аяғына дейін өзі жүргізеді. Демек, бұл жолғы қоңырау расында маңызды болғаны анық. Өйткені қызмет телефонын көбіне президентпен сөйлесу үшін пайдаланады.
Пікірлер (0)