Шерхан Қалмырзаның анасы мен сүйіктісі танымал бола бастады

Жаңалықтар
view 64
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Ресейлік спорт инсайдері Иван Карпов «Қайрат» ФК қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы мен сүйіктісінің танымалдығы күрт артқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Instagram желісінде 40 мың жазылушы жинады. Бұған себеп – жанкүйерлердің Сәуле Рабаеваның 18 жастағы қақпашының анасы екеніне сене алмауы. «Реалға» қарсы ойындағы ерлігі үшін сыйлыққа көлік алған Шерхан әлеуметтік желіде анасын белгілегеннен кейін, кейбір жанкүйер оны қарындасы деп ойласа, басқалары суретке қарап, «бұл қыз 20 жаста шығар» деген пікір қалдырды, – деп жазды инсайдер.

Интриганың шетін Сәуле Рабаеваның өзі ашқан. Ол ұлына арналған жазбасында:

Сен – менің мақтанышымсың, ұлым! Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың! – деп жазған.

Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары таңданысын жасыра алмаған. Соның нәтижесінде Сәуле Рабаеваның парақшасындағы жазылушылар саны бірнеше күннің ішінде күрт артты.

Кейін Сәуле Рабаева ұлының жарты жыл бұрын Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақовтың қызымен кездесіп жүргенін әрі қыздың Шерханнан 2 жас үлкен екенін де ашық айтқан. Сарапшылардың пікірінше, енді Шерханның сүйіктісі де әлеуметтік желіде танымал бола түспек.

Егер «Қайраттың» негізгі екі қақпашысы жарақат алып қалмағанда, мұндай оқиға болмас еді, – дейді Иван Карпов.

Айта кетсек, Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту барысында «Қайраттың» негізгі қақпашысына айналып, нағыз сенсация тудырған. Қазір оның Instagram-дағы парақшасында 320 мыңнан аса жазылушы бар. Бұл оны Қазақстандағы ең танымал футболшыға айналдырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *