Атырауда екі қыз блогерді зиратқа апарып ұрып-соққан

Жаңалықтар
view 75
news

Фотосурет: дереккөз

Атыраулық блогер Құралай Болатова Ыстамбұлға арналған жарнамалық турға байланысты туындаған жанжалдан кейін шабуылға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, ол турды ұйымдастырушы Айдана Ақмұрзиеваға алдын ала төлем ретінде 100 мың теңге аударған. Кейін Құралайдың ұсынысымен бірнеше жазылушы да сол турға ақша жіберген. Алайда тур өтпей қалған, ал қаражатты қайтаруды талап еткен кезде блогер қоқан-лоққы көре бастаған.

Құралай Болатованың айтуынша, 3 қазанда кешке Айдана Ақмұрзиева мен оның құрбысы Ақбота Нұғманова «сөйлесеміз» деген сылтаумен кездесуге шақырып, оны қала сыртындағы зиратқа апарған. Сол жерде олар блогерді ұрып-соғып, қорлаған.

Мені алдап, ұрып, қорлады. Мен бұл жағдайды үнсіз қалдыра алмаймын. Кінәлілер жазасын алуы керек. Заң бәріне бірдей болуға тиіс, – деп жазды Құралай Болатова Instagram-дағы парақшасына.

Аталған деректі Атырау облысының полиция департаменті растады. Оқиға бойынша «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған. Тиісті сараптама тағайындалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *