Ақтөбе облысында өзеннен жоғалып кеткен баланың мәйіті табылды
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД
Ақтөбе облысында бір айға жуық уақыт іздестірілген 10 жастағы баланың мәйіті өзеннен табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында із-түзсіз жоғалған 4-сынып оқушысын іздеу жұмыстары аяқталды. Төтенше жағдайлар министрлігі сүңгуірлер баланың денесін Елек өзенінен анықтағандарын мәлім етті. Мәйіт жағадан шамамен 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдіктен табылған.
Бала 29 наурыз күні үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Осы уақыттан бері іздестіру шаралары Сарыжар ауылы маңында тәулік бойы жүргізілді. Оған ТЖМ қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер, еріктілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған.
Іздеу барысында құтқарушылар күн сайын 30–35 км-ге дейінгі су айдындарын тексеріп, жүзу құралдарымен 25–30 км аумақты шолып шыққан. Жаяу топтар жағалау бойымен 15–20 км жерді қараса, дрондар арқылы 10–15 км аумақ бақылауға алынған. Сонымен қатар эхолот құрылғылары да қолданылған.
Алайда іздеу жұмыстары өзеннің қатты ағысы, иірімдері, қалың өсімдіктер мен судың лайлығы салдарынан күрделене түскен.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында ірі жол-көлік оқиғасы болғанын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)