5 жыл бойы дәретханада тығылған: Қарағандыда іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Жаңалықтар
view 33
news

Фотосурет: polisia.kz

Қарағандыда 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы ер адам қолға түсті. Ол бопсалау фактісі бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

"Арнайы операция кезінде жекеменшік үйде жабдықталған жасырын орын анықталды. Күдікті сол жерде жасырынып жүрген", - дейді полицейлер.

Күдікті бес жыл бұрын қала тұрғынын қорқыту және күш қолдану арқылы 117 миллион теңгесін тартып алған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *