Gybrat High School: Ұлттық құндылық пен заманауи білімнің тоғысқан жері

Жаңалықтар
view 59
news

Фотосурет: дереккөз

Бүгінгі таңда сапалы білім — ұлттық қауіпсіздік пен дамудың басты кепілі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында айтылған адам капиталын дамыту міндеті тек мемлекеттік емес, жекеменшік білім ордаларының да басты мұратына айналуда. Соның жарқын мысалы ретінде Қаскелең төрінде аз уақытта өз нәтижелерін көрсетіп, шәкірттері биік белестерді бағындырған «Gybrat High School» орталығын айтуға болады.

Білім мен тәрбиені ұштастырған бұл орталық өңірдегі оқу-ағарту саласына жаңа серпін алып келді.

Орталықтың құрылу тарихы менің ең алғашқы дебат клубымнан бастау алған еді. Сол кездегі жастардың білімге деген құштарлығы мен тұлғалық дамуға деген ұмтылысы бізді үлкен мақсаттарға жетелеп, нәтижесінде осы білім ордасының іргетасы қаланды.

Орталықтың атауын таңдауда біз ең алдымен «Ғибрат» ұғымының астарына үңілдік. Біз үшін бұл жай ғана атау емес, терең білім мен тағылымды тәрбиенің өзара сабақтастығын білдіретін темірқазық іспеттес. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының білім мен қайырымдылық туралы өсиетін негізге ала отырып, біз тек ақпарат жинақтап, білім алуға келген оқушыны емес, алған ілімін өмірлік тәжірибеде ел игілігіне жұмсай алатын парасатты тұлғаны тәрбиелеуді басты миссиямыз деп белгіледік. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі статистикалық көрсеткіштерден де анық көрінеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде шәкірттеріміздің 134–136 баллдық межелерді бағындыруы — кездейсоқтық емес, әр балаға арналған жеке даму картасы мен жүйелі әдістемелік дайындықтың жемісі.

Алайда біздің жетістік өлшеміміз тек жоғары баллмен шектелмейді, өйткені қазіргі жаһандану заманында сыни ойлау, көшбасшылық қасиеттер және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті сынды дағдылар (soft skills) бірінші орынға шықты.

Сондықтан орталығымызда интеллектуалды дебат клубтары мен startup алаңдары тұрақты жұмыс істеп, шәкірттеріміздің креативті бастамаларын шыңдауға мүмкіндік беруде.

Мұндай кешенді дайындық оқушыларымыздың әлемдік білім кеңістігіне де еркін енуіне жол ашты. Бүгінде орталығымыз Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы университеттерімен байланыс орнатып, түлектеріміз Италия, Словакия және Малайзия сынды елдердің үздік университеттерінде грант негізінде білім алып жүр. Мұндай биік меже — ұстаздардың кәсіби біліктілігі, білім беру жүйесінің тиімділігі мен әрбір шәкірттің мақсатқа деген ұмтылысының жарқын көрінісі екені анық.

Осы халықаралық деңгейдегі жетістіктер мен ата-аналардың бізге деген сенімі бізді жаңа белестерге жетелеп, 2026–2027 оқу жылынан бастап «Gybrat High School» жобасының аясын кеңейтіп, 1–9 сыныптарды қамтитын толыққанды орта мектеп форматына көшуге негіз болды.

Қаскелең қаласында бой көтеретін жаңа заманауи «Gybrat School» мектебі ғылыми зертханалар мен шығармашылық студиялар оқушылардың әлеуетін ашуға қызмет ететін болады. Біз шәкірттерімізді болашақта тек өз ісінің хас шебері ғана емес, ұлтжанды әрі бақытты тұлға ретінде көргіміз келеді.

Осы орайда әр баланың табиғи дарынын ашып, оны қоғамның бағалы капиталына айналдыру — біздің ұзақ мерзімді әлеуметтік жауапкершілігіміз бен негізгі ұстанымымыз болып қала бермек. Жұлдыз Болат, «Gybrat High School» орталығының құрылтайшысы, педагог

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *