Көкшетауда жүкті әйелді қаңғыбас иттер қауып алды

Жаңалықтар
view 61
news

Фото: shutterstock

Көкшетау қаласында жүктіліктің 34-аптасында жүрген әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қаладағы көпбейінді облыстық аурухананың мәліметінше, қазір оған құтыруға қарсы вакцина салынып, дәрігерлер ана мен ұрықтың жағдайын бақылауға алған. Оқиға 16 сәуірде сағат 12:30 шамасында болған.

Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың қабылдау бөліміне Х. есімді әйел оң жақ балтырындағы тістелген жара және ауырсыну шағымымен жүгінген. Науқастың айтуынша, жарақат ауруханаға келгенге дейін шамамен 30 минут бұрын қаңғыбас иттер тобының шабуылы салдарынан алынған.

Дәрігерлік тексеру барысында оң жақ балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің артқы бетінде ұзындығы 5 сантиметрге дейін жететін тістелген жаралар анықталған. Оған “оң жақ балтырдың тістелген жаралары” диагнозы қойылды, - делінген ақпаратта.

Медицина қызметкерлері науқасқа шұғыл түрде алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіп, жараға майлы таңғыш салған.

Сонымен қатар, алдын алу мақсатында әйелге құтыруға қарсы антирабиялық «Рабивакс» вакцинасы, сіреспеге қарсы сарысу және сіреспе мен дифтерияға қарсы АДС-М вакцинасы енгізілген. Дәрігерлердің айтуынша, жүктілікті ескере отырып, негізгі міндет – оның әрі қарайғы ағымын тұрақты бақылау.

Бұл бақылау әйелдің диспансерлік есепте тұрған медициналық ұйымы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда әйел мен құрсақтағы баланың жағдайы күшейтілген медициналық бақылауда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *