Қазақстанда алдағы 3 күнде ауа температурасы +28°С-қа дейін ысиды

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: yarnovosti.com

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Алдымен елдің кей аймақтарында аяз және қар жаууы болжанып отыр, кейін ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Кей өңірлерде ауа температурасы жазғы кезеңге тән +28°С-қа дейін жетеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Скандинавия антициклонының жотасы еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында жауын-шашынсыз, бірақ салыстырмалы түрде салқын ауа райын сақтайды. Ауа массаларының өзгеруіне байланысты температура біртіндеп жоғарылайды.

Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал, сонымен қатар жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы өңірлер бойынша келесідей болады:

– Батыс, солтүстік және орталық аймақтарда – +15…+23°С,

– Шығыс өңірінде – +10…+18°С,

–Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында – +17…+28°С.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *