"Менен кейін кетесің": Асанәлі Әшімов үзеңгілесі Есмұхан Обаевтың өлімін болжаған
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Мәдениет саласының үздігі Нұрхан Кәдірбаев күні кеше дүние салған театр актері Есмұхан Обаев туралы жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Ол марқұм Асанәлі Әшімовтің айтқан сөзін бөлісті. "Асаналі Әшімовтың жиі айтатын сөзі бар екен: Бірінші мен кетемін, екінші Есмұқан сен кетесің, үшінші болып Сәбит (Оразбаев) кетеді. Асағаның қайғысын жеңіп үлгермеген қазақ өнері қайта қара жамылды.
“Жасы ұлғайды, өмірде көп нәрсені көрді” дегеннің өзінде, төрің сиреп бара жатса қабырғаң қайысады екен. Есаға менің ұстазым, бүгін топырақ салуға бара алмадым. Өйткені осы ұстазымнан алған білімімді халыққа паш ететін күн. Бақұл болыңыз Есаға! Бүгінгі кешімді сіздің рухыңызға арнаймын!", - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Есмұхан Обаев 85 жасқа қараған шағында дүние салды.
Пікірлер (0)