Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Фотосурет ашық дереккөзден
Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе қаласы мен Ырғыз, Қобда аудандарынан келген ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін тікелей өндіруші бағасымен ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жәрмеңке сөрелеріне жалпы 3,1 тонна ет өнімдері, 0,9 тонна сүт өнімдері және 1,3 тонна көкөніс жеткізілді.
Тұрғындарға тиімді болу үшін жәрмеңкедегі тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағада сатылды. Бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік сатып алуға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 27 желтоқсанына дейін әр сенбі сайын өткізіліп отырады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және халықтың сапалы өнімге қолжетімділігін арттыру.
Пікірлер (0)