Ақтөбеде ер адам бұрынғы сүйіктісін интимдік сипаттағы видеомен бопсалаған
Фото: anna_kropek
Ақтөбеде танысын бопсалаған күдікті қамауға алынды. Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны арызбен жүгінген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
"Ол бұрын қарым-қатынаста болған таныс ер адамның оның келісімінсіз түсірілген интимдік сипаттағы бейнежазбаларды таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықталып, ұсталды.
Күдікті көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша жеке өмірге қол сұғушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ күдіктінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер (0)