«Ақырзаманның белгісі»: белгілі әнші блогер Қайсарға ескерту жасады

Жаңалықтар
view 216
news

Фотосурет: janabastau.kz коллажы

Әнші Бағлан Әбдірайымов блогер Қайсар Хамзаның желідегі контентіне байланысты өз наразылығын білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, блогердің әрекеті жастарға кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Ел болам десең, бесігіңді түзе” деп айтқан еді Мұхтар Әуезов. Елім, жерім деп өткен ата-бабаның аруағы ұрып, осы баланы қара басып жүрмесін! Біз – қасымызда жүрген, өзімізге қарап бой түзейтін жастарға қалай дұрыс тәрбие берсек деп алаңдайтын ел азаматтарымыз. Қолымыздан келгенше жаман қылыққа жол бермейік деп жүреміз. Ал мына палуан шектен шығып, бетімен кетіп барады. Ақылға келіп, түзелгенің дұрыс. Тым кеш болып кетпесін. Ақыретіңді ойла. Ақырзаманның белгісіне айналып жүрме. Оқып отырған ата-анасы, ағайын-туысы, нағашылары болса, жөнге келтіріңіздер, өтініш! – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Әншінің бұл пікіріне қатысты желі қолданушылары түрлі көзқарас білдіріп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *