"Әр нәрсенің шегі бар": Отандық блогер Ырысбала Икрамбай күтпеген мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
873
Сурет: ғаламтордан
Отандық танымал блогер Ырысбала Икрамбай көмек сұрау үшін үйіне баратын жандарға шүйлікті. Ол қазір жүкті болғандықтан қайырымдылықпен айналыспайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
Ырысбала Икрамбай оқырманға деген наразылығын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Дәл қазір сағат түнгі 00:30. Үйдің есігін бір кісі қағып, көмек сұрайды. Өз мәселеңіз бен тыныштығыңыз үшін өзгенің тыныштығын бұзу қаншалықты дұрыс? Әр нәрсенің шегі бар. Ұят деген болу керек. Менің қазір аяғым ауыр, денсаулығыма байланысты қайырымдылықпен айналыспаймын. Менің үйім мемлекеттік мекеме я бір қайырымдылық қордың кеңсесі емес. Түсіністікпен қараңыздар", - деп жазды ол.
Оқи отырыңыз

Жаңалықтар
Әзербайжан Президенті Қазақстанға келді

Жаңалықтар
Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар?

Жаңалықтар
Қор биржасында доллар бағамы өзгерді
Пікірлер (0)