Ардақ Назаровты белгілі журналист жекпе-жекке шақырды

Жаңалықтар
view 18
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желідені парақшасында жазба жариялап, депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Журналист Гүлбану Әбенова, ҚР мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров өзінің оқу-тоқуы мен еңбек жолы туралы айтқан соң, сұрақ тіпті көбейіп кетті дейді. Бұл туралы нақтырақ журналист өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Гүлбану Әбенованың айтуынша, Ардақ Назаровтың өзі туралы жариялаған мәліметтері қисынға келмейді. Сондықтан оны ашық жекпе-жекке шақырып отыр.

"АРДАҚ НАЗАРОВ! Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын! Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет. Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын. Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңізде түскен суреттеріңізді алып келіңіз. Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін. Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас. Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр. Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз. Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз! Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!", - деп жазған журналист. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *