Ақмола облысында мүгедектер арбасына арналған жаңа құрылғы өндірісі жолға қойылды

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: gov.kz

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға маңызды қадам жасалды. Өңірдегі «Тыныс» акционерлік қоғамы базасында мүгедектер арбасына арналған заманауи электр-қосалқы құрылғылардың өндірісі басталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл жоба – әлеуметтік тұрғыдан үлкен маңызға ие бастама. Арнайы жабдықтар мүгедектердің қозғалу мүмкіндігін жеңілдетіп, күнделікті тұрмыста дербес өмір сүруіне жол ашады. Бұған дейін мұндай құралдар шетелден қымбат бағамен әкелінетін болса, енді отандық кәсіпорын олардың қолжетімді әрі сапалы нұсқасын ұсынып отыр.

Жобаның басты ерекшелігі – қосалқы құрылғылардың жергілікті жерде жасалуы. Бұл импортқа тәуелділікті азайтады және бағасын қолжетімді етеді.

Сонымен қатар жаңа құрылғылардың қолданылуы арқылы арба пайдаланушылардың қозғалу ауқымы кеңейіп, әлеуметтік ортаға бейімделуі жеңілдейді.

Ақмола облысының әкімдігі мен әлеуметтік қорғау органдары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған осындай жобаларды ерекше назарда ұстап отыр. Өңірде инклюзивті орта қалыптастыру, инфрақұрылымды бейімдеу бағытында бірқатар шаралар жүзеге асуда.
«Қазақстан Республикасының Президенті ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау елдің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өткен болатын. Бүгінде өңірде 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Жыл сайын белсенді пайдаланушыларға шамамен 300 электрқосалқы құрылғы қажет. Аталған жобаны жүзеге асыру инклюзивті қоғам құруға, сондай-ақ отандық әзірлемелер мен өндірісті қолдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова.

Мүгедектер арбасына арналған жаңа электр-қосалқы құрылғылар өндірісінің іске қосылуы – Ақмола облысы үшін әлеуметтік саладағы маңызды жетістік. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына, олардың өз мүмкіндіктерін толыққанды жүзеге асыруына жол ашады.

Ұстаным айқын: мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету – қоғамның өркениеттілігінің көрсеткіші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *