Әріптесі дәрігерді өлтіріп, мәйітін мұздатқышқа тығып, ақшасын ұрлаған

Жаңалықтар
view 147
news

Фото: Orda.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 69 жастағы дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Іс материалдарына сәйкес, 31 жастағы сотталушы 5 жыл бойы марқұммен бірге жұмыс істеген. Дәрігердің жалғыз тұратынын және банкте ірі қаржысы бар екенін білетін ол, сеніміне кіріп, телефондағы банк қосымшасы арқылы парольдерді білген. Кейін Pinduoduo сайтынан силикон маска сатып алып, бірнеше банкоматтан ақша ұрлаған.

Қылмыс 2025 жылдың 24 мамырында жүзеге асқан. Сотталушы марқұмның кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып, басына балтамен соққы жасаған. Айсағалиев көз жұмғаннан кейін қолын байлап, басына пакет кигізіп, денесін мұздатқышқа салып, бірнеше көлік арқылы басқа мекенжайға тасымалдаған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, істі алқа билердің қатысуымен қарауды сұрады. Сот өтінішін қанағаттандырып, 25 қыркүйекте алқа билер іріктеліп, басты талқылау басталатыны хабарланды.

Ұрланған жалпы сома – 5 млн 268 мың теңге, ал жалпы шығын көлемі 7 млн 234 мың 860 теңге.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *