Елімізде жүргізуші куәлігіне өзгеріс енгізіледі
Жаңалықтар
65
Сурет: Ашық дереккөзден
Ішкі істер министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында енді Қазақстандағы жүргізуші куәліктеріне электронды чип қойылмайтынын хабарлады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство көлік құралын тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігінің формаларына қатысты өзгерістер енгізу туралы жобаны «Ашық НҚА» порталында жариялаған.
Жоба авторларының айтуынша, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді. Қазіргі кезде олардың функциялары мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелер арқылы толық қамтамасыз етілуде.
Құжатта чиптен бас тарту бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретіні көрсетілген.
Пікірлер (0)