Мәулен Әшімбаев Сенатты таратуға қатысты пікір білдірді
Сурет: Ашық дереккөзден
«Биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – мемлекет басшысының парламенттік реформаны жүргізу ұсынысы. Бұл бастама болашақта бір палаталы парламентке көшуге бағытталған», – деді Мәжіліс төрағасы. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Парламенттік реформа – Президенттің әділ әрі қуатты Қазақстан құру жолындағы заңды жалғасы. Осы мақсатқа жету үшін демократиялық институттар мен тетіктерді нығайту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай маңызды өзгерістер тек ашық және жан-жақты қоғамдық талқылау негізінде жүзеге асырылатынын, ал түпкілікті шешім халықтың пікірі ескеріліп, жалпыхалықтық референдумда қабылданатынын атап өтті», – деді Әшімбаев.
Оның айтуынша, депутаттар Президент Жолдауын Қазақстанды жаңғыртудың жол картасы ретінде қабылдайды.
Пікірлер (0)