Арыста дәрігер ұйықтап жатқанда 4 жасар бала көз жұмды

Жаңалықтар
view 171
news

Фотосурет: stan.kz

Арыс қаласында 4 жасар Әлирахман Сейітхан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ата-анасы баланың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Олардың айтуынша, түн ортасында ауруханаға түскен баланы дәрігер 6 сағат бойы қарамаған, өйткені ол өз кезекшілігінде ұйықтап жатқан.

Баламды түнгі 3 жарымда алып бардық. Таңғы 9-ға дейін ешкім қарамады. Сол аралықта балам сөйлеп, су сұрады, дәретке барды. Өзім де тынышталып, дау шығармадым. Бірақ таң ата есінен айырылды. Дәрігер тек сол кезде келді, - дейді баланың анасы Ұлжан Жүзей.

Оның айтуынша, ауруханада МРТ мен КТ аппараты жоқ, сондықтан нақты диагноз қою мүмкін болмаған.

Баланың жағдайын бағалауға келген астаналық маман жергілікті дәрігерлердің қойған диагнозын өзгертіп, жаңа ем жоспарын қалдырған. Бірақ бала оған дейін-ақ жан тәсілім еткен.

Олар тек болжаммен «вирусный энцефалит» деді. Талдау таза шықты. Астанадан келген маман басқа диагноз қойып, дәрілер жазып кетті. Бірақ балам жұмаға жетпеді, - дейді заржылаған ана.

10 қазанда ауруханаға түскен Әлирахман 23 қазанда көз жұмған. Тергеушілерге түнгі кезекші мейірбике дәрігерді 3 рет оята алмағанын айтқан.

Бір баланың өмірі қыл үстінде тұрғанда дәрігер ұйықтап жата ма? Кейін ол дәрігер бізге адам жіберіп, арызды қайтарып алыңдар депті. Естуімше, бас дәрігер қазір депутат болуға дайындалып жүр. Бірақ біз кінәлілер жазасын алсын дейміз, - дейді Ұлжан Жүзей.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы жалғыз ұлын жер қойнына тапсырды. Ал Арыс қалалық ауруханасы бала өліміне дейін қызметтік тексеріс басталғанын айтқанмен, әзірге нақты нәтижесін жарияламаған.

Құқық қорғау органдары да бұл іске қатысты ресми ақпарат бермей отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *