АЭС-тен бас тартқан Германия ең ірі нысанын жарып жіберді

Жаңалықтар
view 133
news

Фотосурет: csmonitor.com

Германияда елдің ең ірі атомдық энергетика нысаны – Баварияда орналасқан «Гундремминген» АЭС-ін бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр. Станцияны жоюдың ең айтулы кезеңі екі алып салқындату мұнарасын (градирня) бағытталған жарылыс арқылы құлату болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Bild басылымының хабарлауынша, RWE энергетикалық компаниясының тапсырысы бойынша биіктігі 160 метр болатын екі градирня минамен жарылған.

Бұл оқиға – Германияның атомдық энергетикадан толық бас тарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі. АЭС-ті пайдаланудан шығаруды жеделдету туралы шешім 2011 жылы Жапонияның «Фукусима-1» АЭС-інде болған апаттан кейін қабылданған. «Гундремминген» станциясы үш энергоблоктан тұратын, оның екеуі (екіншісі мен үшіншісі) «Фукусимада» қолданылған реакторларға ұқсас еді.

Екінші энергоблок 2017 жылдың соңында, ал үшіншісі 2021 жылдың соңында тоқтатылып, станцияның жұмысы толығымен аяқталды.

Жарылыс нәтижесінде 56 мың тонна темірбетон жойылады. Қалдықтары толығымен қиыршық тас және басқа да құрылыс шикізаты ретінде қайта өңделеді.

Соңғы жылдары АЭС аумағынан 4 700 тоннаға жуық басқа да құрылыс материалдары шығарылған. «Гундремминген» станциясын толық бөлшектеу 2030-жылдарға қарай аяқталады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *