Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды
Фотосурет ашық дереккөзден
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенсек, елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған. Бұл көрсеткіш 2025–2026 жылдардағы мал қыстату науқанын тұрақты өткізуге толық мүмкіндік береді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Дайындалған азықтың құрылымы:
Шөп — 25,0 млн тонна (101,9%)
Пішендеме — 1,9 млн тонна (112,9%)
Құрама жем — 3,9 млн тонна (71,7%)
Сүрлем — 2,0 млн тонна (102,3%)
Сабан — 4,8 млн тонна (101,7%)
Жалпы жоспардың орындалуы бойынша ең жоғары нәтижені Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу өңірлері көрсетті.
Мамандардың айтуынша, дайындалған мал азығының көлемі еліміздің мал шаруашылығы кәсіпорындарын жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз етуге, қыстың ауыртпалығын қиындықсыз еңсеруге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Пікірлер (0)