Астанадағы көп қабатты үйден өрт шықты
Фото: ТЖМ
Астананың Нұра ауданында көп қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, құтқарушылар 33 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Нұра ауданы Тұран даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйде болған. Үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел келді. ТЖМ бірінші бөлімшелері келгеннен кейін пәтерлердің бірінде жеке заттардың жануы анықталды. Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғарғы қабаттардан 33 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін «Астана Арена» спорт кешені өртенгенін жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)