«Астана Арена» спорт кешені өртенді

Жаңалықтар
view 92
news

Фото: видеодан скрин

Елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінен өрт шықты. Оқиғаны Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бүгін түнгі уақытта Астананың Нұра ауданы, Тұран даңғылы бойында орналасқан стадионның шатыры өртенді. Қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер металл қаптаманың астындағы жылу оқшаулағыш материал жанып жатқанын анықтады.

Өрт сөндірушілердің жедел, әрі кәсіби іс-қимылының арқасында оттың таралуына жол берілмеді. 15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *