«Қайда оқитынын білу керек»: Балалар құқығы комитетінің төрағасы Қайрат Нұртастың қызына қатысты пікір білдірді
Фото: https://www.instagram.com/kaalau__/
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова "Qogam news" Youtube арнасына берген сұхбатында Қайрат Нұртастың қызы Алауға қатысты пікір білдірді, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Журналист Динара Сәтжан Насымжан Оспановаға әншінің қызы әлеуметтік желіде видеолары үшін буллингке ұшырайтынын айтып еді, ол Алау Нұртасты өз қорғауына алатынын айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Отбасылы болған жақсы, бірақ…»: Қайрат Нұртастың жазбасы оқырманды алаңдатып қойды
«Жарыңызға сезіміңіз адал болсын»: Қайрат Нұртастың әйелі желіде жазба қалдырып, көпті ойландырды
Мен бұл іспен айналысамын. Біз құқықтық мемлекеттеміз, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір білдіретіндерге жаза бар. Мен дәл қазір мұнымен айналысамын, ал өзі 111 номеріне хабарласса болады. Әркім өз ісімен айналысу үшін 111 номеріне хабарласқаны жеткілікті. Біз цифрлық мемлекетте жұмыс істейміз, сондықтан кез келген адамды табу қиын емес. Алғашқы ескерту 10 000 АЕК. Ал егер "өзіне қол салуға" жеткізсе, онда бұл қылмыстық іске айналады. Бұл жайлы сіздерден естіп отырғаным өкінішті, оның қайда оқитынын білу керек, – деді Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова отбасына қатысты желіде тараған қауесеттерге жауап берген болатын.
Пікірлер (0)