Қайрат Нұртастың анасы оның ажырасқанына қатысты сұраққа жауап берді
Фотосурет: ашық дереккөзден
Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова отбасына қатысты желіде тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

Титтейінен еңбекқұмар болып өскен ақ Қайроштарыңыздың «болды, атағым бар» деп жатып алған күні болған жоқ. Ылғи ізденіспен жүреді. Соның арқасында KN болып отыр. Өз брендін жалғастырып келе жатқаны Алланың бір нығметі болар. Қаншама оқырман ақыл айтады, неге бүйтпейсің, неге сөйтпейсің деп. Сол адамдардың неге өздері сөйтпейді екен деп қоямын. Ал ақшасын санап отырғандарға айтарым – ер жігітке ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да сынақ. Бір отбасында бір адамға сынақ етіп, ақшаны да, абыройды да үйіп-төгіп береді. Сенің ниетің қалай, асынып-тасынасың ба, жоқ, мен таптым деп кеуде көтересің бе, оның бәрі пейіліңе байланысты, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушысының «Қайрат пен Жұлдыздың өмірі сұрақ болып тұр. Екеуі ажырасып кетті ме?» деген сұрағына:

Бес баласын тастап қайда кетуші еді? Бірге, әрине. Бірге жүргендерін сала ма, жоқ па, өз қалаулары ғой. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой, қайтесіз, өздері білсін. Мен өзім үшін жауап берсем жеткілікті, – деді продюсер.
Пікірлер (0)