Әселдің жеңісі: Енді діни мамандықтар оқытылмайды
Сурет: Ашық дереккөзден
Қоғам белсендісі Әсел Таухан Астанадан жеткен сүйінші жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды janabastau.kz
-ке сілтеме жасапОсыған дейін жазғанымыздай, Әсел Таухан еліміздегі діни оқу орындарын бюджеттен қаржыландырып отырғанын айтып, зайырлы мемлекетте діни оқу орындардың мемлекеттен қаржыландырылуы заңсыз деп Білім және ғылым министрлігі мен Оқу ағарту министрлігін сотқа да берген болатын.
Сонымен қатар оқу орындарындағы діни мамандықтарды оқыту заңға қайшы келетінін айтып, ең алғаш дабыл қаққан Әсел Таухан болатын.
“20 мамыр күні Астанада өткен Оқу ағарту министрлігінің брифингінде исламтану, хадистану, теология сынды діни мамандықтардың мемлекеттік оқу стандарттарына енгізілгені, сол үшін бюджет қаржысы бөлініп отырғаны заңсыз екені анық айтылды.
Жаңа оқу жылына дейін, яғни тамыз айының соңына дейін еліміздегі оқу орындарында оқытылып келген діни мамандықтарды “ТИПО”-дан, яғни мамандықтар классификациясынан алып тастау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.
Бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің өкілі Әсет Мұханбетов аталмыш еліміздегі оқу орындарында діни мамандықтарды алып тасталатынын ресми мәлімдеді”, – дейді Әсел Таухан.
Пікірлер (0)