Ашық диктант қазақтың көрнекті қайраткерінің 130 жылдық мерейтойына арналды
– Тілдер мерекесі бұрын 22 қыркүйекте аталып өтілетін. 2017 жылы Үкіметтің Қаулысымен ұлт ұстазы, тіл реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйекке ауыстырылды. Осы күні жалпықазақстандық диктант жазу практикасы енгізілді. Бұл «Сауатты ұрпақ – сауатты ұлт» бастамасы негізінде қолға алынған, – деді Жанболат Шәкім.
– Алдымен мәтінді басынан аяғына дейін бір оқып шығамын, мән беріп, тыңдап отырыңыздар. Қай жерде жаңа ой басталады, қай жерде тыныс белгісі бар. Бір сөйлемді үш рет оқимын. Ең соңғы адам жазып болғанда ғана келесі сөйлемді бастамаймын. Диктантты жазып бітіргеннен кейін сіздер тексеріп алу үшін тағы бір мәрте мәтінді қайталап оқимын. Осымен диктант аяқталады, – деп толықтырды Қазақ радиосының журналисі.
Мемлекеттік тілдің құзырын арттыру елімізде тұратын барлық азаматтардың парызы екені айқын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе, ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді».
Жанар АХМЕТОВА
Пікірлер (0)